Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді

Бүгін, 24 маусымда АҚШ-тың Флорида штатында қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов UFC on ABC 5 турнирінде америкалық Джошуа Вангпен шаршы алаңға шығып, жұдырықтасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана уақытымен кеше түнде қарсыластар көз түйістіру рәсімін өткізді, деп жазады Sports.kz.
Ресми шараның видеосы UFC Eurasia Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Шара қарсаңында турнирге қатысушылардың ресми салмағын өлшеу рәсімі де өтті. Жұмағұлов 56,92 келі болып, жеңіл салмақтағы шекке (57 келі) сай келді.
Айта кетсек, Жұмағұлов — Ван жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Тікелей эфирді UFC-дің ресми сайтынан тамашалауға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript