Қазақстандық мергендер Италияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Сурет: Instagram/drs_kz
Италияның Лонато қаласында стенд атудан Əлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бүгін аралас жұптар арасындағы скит жаттығуында отандасымыз Əсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортты дамытур дирекциясының мәліметінше, біздің спортшылар жүлде жолында Олимпиада чемпионы жəне күміс жүлдегері Кьяра Кайнеро мен Элия Сдруччолиден (Италия-2) басым түсті. Есеп: 44-43.
Сурет: Instagram/drs_kz
Бұл сында іріктеуге барлығы 42 команда қатысты.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. Жарыс 17 шілдеде аяқталатындықтан, жерлестерімізде басқа жаттығуларда жеңімпаздар тізіміне кіруге мүмкіндік әлі де бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript