Қазақстан Өзбекстанмен бірге әлем чемпионатын өткізуге өтініш бермек
Бұл мәлімдеме Қырғызстанда екі федерация өкілдері қатысқан Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының саммиті барысында айтылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары турнирді бірге өткізу идеясының бастамашысы ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) басшысы Әділет Барменқұлов болғанын жазып жатыр.
Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастар, оның ішінде екі елдің ұлттық құрамалары мен клубтары арасында жолдастық кездесулер ұйымдастыру арқылы айтарлықтай нығая түскені айтылады.
2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге басқа елдер, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Қытай да үміткер. Турнирді өткізу кімге сеніп тапсырылатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ.