Жаңалықтар тізбегі
0

Александр Недовесов теннистен әлемнің 45-ракеткасы атанды

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 22:08 Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.

Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: