"Астана" командасының велошабандозы Алексей Луценко Испанияда өткен жарыста жеңіске жетті

"Астана" командасының велошабандозы Алексей Луценко Испанияда өткен жарыста жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 09:27 Сурет: Instagram/astanaqazaqstanteam
Испанияда өткен Circuito de Getxo бір күндік жарысында "Астана" велокомандасының көшбасшысы мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 шілде күні Испанияда бір күндік Circuito de Getxo веложарысы өтті. Қазақстандық шабандоз Алексей Луценко басты қарсыласын 24 секундқа басып озып, жарысты бірінші болып аяқтады.

Луценко Бильбаодан Гетчоға дейінгі 193,3 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 19 минут 10 секундта жүріп өтті. Тони Галлопен (Франция, Лидл-Трек) мәреге екінші, Симоне Веласко (Италия, Астана) үшінші болып келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: