Жаңалықтар тізбегі
0

Грек-рим күресі: Германиядағы турнирде қазақстандық екі балуан алтын медальға таласады

күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2023 13:30 Сурет: Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде қазақстандық екі балуан екі салмақта алтын медальға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирі 12 тамызда басталды. Биыл 38-мәрте өтіп жатқан додаға 23 мемлекеттен балуандар барған

12 тамызда алдын-ала белдесулер өтіп, финалға жолдама алған балуандар анықталды.

Ел құрамасынан Марлан Мұқашев (55 келі) енді финалда украиналық Никита Дементьевпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ал Айдос Сұлтанғалидің (60 келі) финалдағы қарсыласы - АҚШ балуаны Эльдар Хафизов.

Сондай-ақ, жұбаныш белдесуінде Ибрагим Магомадов (72 келі) қола жүлдеге таласса, Демеу Жадраев (77 келі) пен Ерұлан Ысқақов (97 келі) француз балуандарымен кездеседі. Тағы бір балуанымыз Әлімхан Сыздықов (130 келі) литвалық Ромас Фридрикаспен жұбаныш белдесуінде бағын сынайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: