Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік универсиадаға Қазақстан атынан қатысқан спортшылармен кездесті

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік универсиадаға Қазақстан атынан қатысқан спортшылармен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 17:35 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті. Қазақстанның студенттер құрамасында 11 спорт түрінен 90 спортшы қатысты.

Нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленді. Кездесу барысында Әлихан Смайылов мемлекет басшысының спортшыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. Өз кезегінде премьер-министр студент жастардан құралған қазақстандық атлеттер осы халықаралық жарыстарда өзін лайықты көрсеткенін атап өтті.

"Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Сіздер Қытайда еліміздің абыройын асқақтаттыңыздар", — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінгі таңда қазақстандық спорт жаңа есімдерге, яғни даңқты спортшылардың орнын басатын спортшыларға мұқтаж. Сондықтан да Универсиададағы бүгінгі жеңістер – бұл болашақтағы олимпиадалық жетістіктерге апаратын нақты қадам.

"Үкімет атынан және жеке өз атымнан лайықты өнер көрсеткендеріңіз үшін барлық жаттықтырушылар мен жас спортшыларға, сондай-ақ ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Біз сіздердің спорттағы жеңістеріңіз сыйлаған қуанышты сәттерге ризашылық білдіреміз. Сіздерден жаңа жетістіктер мен рекордтар күтеміз!", — деп түйіндеді ол сөзін.

Бірнеше спортшы құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында Үкімет басшысы ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: