Жаңалықтар тізбегі
0

Қуанғаннан спортшы арудың ернінен сүйіп алған бапкердің басы дауға қалды

Луис Рубиалес, футбол, Испания, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 19:27 Сурет: Instagram/real.madrid.24
Испания прокуратурасы Испанияның Корольдік футбол федерациясының (RFEF) бұрынғы басшысы Луис Рубиалесті сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы әйелдер арасындағы футболдан өткен Әлем чемпионатында ұлттық құраманың футболшысы Дженни Эрмосоны сүйіп алған RFEF-тің экс-басшысына жыныстық зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу бабы бойынша айып тағылды. Егер ол кінәлі деп танылса, оның 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Daily Mail.

Алдында марапаттау рәсімінде Рубиалес Испания құрамасының капитаны Эрмосоның мойнына медаль іліп, одан кейін оның ернінен сүйіп алған болатын. Бұл жайт бұқаралық ақпарат құралдары мен испан саясаткерлері тарапынан сынға ұшырады. Бұрқ еткен даудан кейін Рубиалес кешірім сұрап, өзінің бұл ретте арам ойы болмағанын мәлімдеді.

26 тамызда Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Тәртіптік комитеті мундиалдағы аталған оқиғаға байланысты Рубиалесті 90 күнге жұмысынан шеттетті.  


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: