Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан шахматшыларының тәлімгері 2023 жылғы басты мақсатын айтты

Қазақстан шахматшыларының тәлімгері 2023 жылғы басты мақсатын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 15:30 Сурет: Instagram/committee_sport
13 қыркүйекте шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Астанаға оралды. Ресми кездесуде командамыздың бас бапкері Павел Коцур шахматшылардың алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахмат маманы 2023 жылы Быдгощта өткен әлем чемпионатының қорытындысын шығарып, аға бәсекелестерімен бір деңгейде өнер көрсеткен жас командасының жетістігін арнайы атап өтті.

"Біздің басымдық – жастар құрама командасын құру болды. Олар әдетте шахматты жылдам ойнайды. Еске салайын, ереже бойынша әр жүріске 10 секунд беріледі. Бұл әсіресе француздармен ойында көмектесті. Біздің ұлттық құрамадағы ойыншылардың барлығы дерлік жасөспірімдер. Жастар арасында әлем чемпионы бар. Дегенмен ересектер арасындағы командалық біріншілікте олардың ешқайсысы көзге түспеді. Сондықтан көптеген сарапшы біздің шахматшылар соңғы жарыстың тосынсыйы болғанын айтты. Польшада өткен турнирде 16 жасар Алуа Нұрманова ерекше көзге түсті".Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Павел Коцур

Павел Коцур біздің шахматшылардың биылғы маусымдағы басты міндеті туралы айтты.

"Алда күрделі старттар күтіп тұр. Азия ойындарында құраманы тәжірибелі Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова толықтырады. Негізгі қарсыластар Қытай мен Үндістан да толық дайындықта. Бибісара Асаубаева келесі жарысқа бірден Польшадан Германияға кетті. Ол келесі аптада Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 19-жазғы Азия ойындарына барады".Павел Коцур

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Быдгощ қаласында (Польша) өткен IX командалық әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды. Біздің шахматшылар мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізді. Қазақстанның әйелдер құрамасы өз тобындағы кездесулердің басым бөлігін жеңіп, алдын ала кезеңнің көшбасшысы атанды. 2023 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Франция мен Германия құрамаларын ұтып, шешуші кездесуде грузин шахматшыларынан ұтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: