Қазақстандық шахматшылар ІХ командалық әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 23:48 Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санаулы сəттер бұрын қазақстандық ойыншылар Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½).

Команда сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті. Бұл – Павел Коцур баптайтын ұлттық құраманың бәсекедегі алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.

Бүгін Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі ширек финал еді.

Ал Грузия осымен 2-рет әлемдік додадан алтынына қол жеткізіп, бұл көрсеткіш жағынан Ресеймен теңесті.

Қазір қола медаль үшін АҚШ пен Франция құрамасы таласып жатыр. Алғашқы раунд 2-2 аяқталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: