Жаңалықтар тізбегі
0

2024 жылғы Олимпиадаға дейін Қазақстан спортшылары 80 лицензиялық турнирге қатысады

2024 жылғы Олимпиадаға дейін Қазақстан спортшылары 80 лицензиялық турнирге қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 13:46 Cурет: instagram/paris2024
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады.

Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр.

Қазақстан командасын Париждегі олимпиадаға дайындау үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды.

"Сонымен қатар жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бекітілді", - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: