Astana Open: франциялық Адриан Маннарино алғашқы айналымда жеңіске жетті

Astana Open ATP 250 турнирінің бірінші айналымындағы матчтар өтіп жатыр, деп хабарлайды
Бүгін, 28 қыркүйекте кортқа алғаш болып франциялық
теннисші әлемнің 34-ракеткасы Адриан Маннарино мен оның отандасы, әлемнің 66-ракеткасы Артур Риндеркнеш шықты.
Бірінші сет тай-брейкке дейін жетті. Онда Маннарино басым түсіп, алғашқы партияда жеңіске жетті.
Әлемнің 34-ракеткасы екінші сетте 6:2 есебімен отандасын еш қиындықсыз жеңді.

Артур Риндеркнеш. Сурет: ktf.kz
Адриан Маннариноның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript