Ресейлік теннисші Токиодағы WTA-500 санатындағы турнирдің чемпионы атанды

Токиода (Жапония) жекелей сында финалдық ойын өз мәресіне жетті. Ресейлік Вероника Кудерметова мен америкалық Джессика Пегула WTA-500 санатындағы турнир кубогы үшін өзара таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вероника Кудерметова (әлемдік рейтингте 19-орын) әлемнің төртінші ракеткасын 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Кудерметова бір эйс жасап, бір қос қателікке жол бере отырып, орындаған бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Өз кезегінде, Джессика екі эйс жасады, үш қос қателік жіберді және бір брейк-пойнтты жүзеге асырды.
Кудерметова мансабындағы екінші турнирде жеңіске жетті. Алдында ол 2021 жылы Чарлстонда (АҚШ) өткен WTA-500 санатындағы жарыста чемпион атанған. Сондай-ақ, ресейлік WTA-500 санатындағы турнирде тағы екі рет финалда төбе көрсете білді және WTA-250 деңгейінде үш рет финалға шыққан.
Бұған дейін Онс Жабер Қытайдағы WTA-250 турнирінің чемпионы атанған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript