Бейжіңде Елена Рыбакина Азия ойындары чемпионының "тас-талқанын" шығарды

Елена Рыбакина, Қытай, WTA-1000, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 19:16 Сурет: wtatennis
Бейжіңде WTA-1000 (хард) санатындағы турнир өтіп жатыр. Жекелей сында бірінші айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің бесінші ракеткасы Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді (WTA рейтингісінде 23-орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 2 минутқа созылды. Рыбакина үш рет эйс орындап, қос қателікке жол бермеді және жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы екі эйс орындап, алты қос қателік жасады.

Қытай ашық чемпионатының келесі раундында Елена Рыбакина алдында итальяндық Мартина Тревизанды ұтқан Германия өкілі Татьяна Мариямен (WTA рейтингінде 53) кездеседі. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: