Анна Данилина Гонконгтегі турнирдің ширек финалында ойнайды
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гонконг WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге алғашқы айналымда Гонконг өкілдері Юдис Чонг және Хон-И Коди Вонмен кездесті.
Бірінші партияда гонконгтық теннисшілер 6:3 есебімен басым түсті, ал екінші сетте Анна Данилина мен Александра Панова 6:0 есебімен жеңді. Чемпиондық тай-брейкте де қазақстандық-ресейлік жұп 10:7 үздік болды.
Енді Анна Данилина мен Александра Панова ширек финалда ресейлік жұп Софья Лансере мен Камилла Рахимовамен ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript