Ясмин Дюсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 23:16 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ұлдар арасында тағы бір қазақстандық Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинге жол берді – 1:6, 1:6.

Ахмади есесіне жұптық сында Балқан Нұрдәулетпен бірге соңғы бәсекеде словакиялық Леонард Нипц – украиналық Егор Романютты 6:1, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаздар қатарына қосылды. Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге финалда испаниялықтар Пелас – Бельтранға есе жіберді – 3:6, 4:6.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: