Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндияны ұтты

футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 23:55 Сурет: instagram.com/kazfootballteam
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңіп, H тобында 15 ұпай жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финляндия құрамасы алғашқы таймда есепті ашты. 

Ал екінші таймның 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді.

Ал 90-минутта Зайнутдинов тағы бір гол соғып, ұлттық құраманы алға шығарды.

Кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде тағы екі ойыны бар. 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қарашада Словениямен ойнайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: