Дзюдошы Ақмарал Науатбек Азия Пара ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сүйінші жаңалықты ҚР Туризм және спорт министрлігі жария етті. Ақмарал Науатбек дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсетті.
Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
"Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript