Тағы бір тосынсый: Қазақстан құрамасы шағын футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Сурет: Instagram/minifootballcom
Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Рас-әл-Хаймада (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңісті жолын жалғастырды. Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Чехия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тартысты кездесудің тағдыры матчтан кейінгі пенальтиде шешілді. Қазақстан мен Чехия кездесуінің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Александр Кислицын, Бақтияр Жушнов және Асланбек Аршкенов гол соқты. Ал пенальтилер сериясында қазақстандықтар тағы бір гол соғып, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Осылайша, қазақстандық футболшылар плей-офф кезеңінде екінші рет сенсация жасады. Бұған дейін Қазақстан қазіргі әлем чемпиондары Мексикадан басым түссе, енді әлемдік рейтингтегі үшінші команда – Чехияны жеңді.
Енді Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 3 қарашада біздің құрама Әзербайжан өкілдерін ұту керек. Румыния мен Венгрия 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында екінші орын үшін таласады.
Шағын футболдан 2023 жылғы әлем чемпионы 4 қарашада анықталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript