Жаңалықтар тізбегі
0

Маржықпаев Азия ойындары жөнінде: Спортшылардың даярлығы әлсіз болды

ҚР Туризм және спорт министрлігі, Азия ойындары, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 13:13 Сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 6 қарашада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы Азия ойындарында ескек есуден Қазақстан құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсетпегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Министр Instagram парақшасында  ескек есу сайысында жерлестеріміз жүлдесіз қалса, байдарка мен каноэ есуде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жеңіп алғанын жазған.

"Азия ойындарының алдында федерация басшылығы жүлде саны мен сапасы жағынан жоғары нәтиже көрсететінін мәлімдеген еді. Өкінішке қарай, спортшыларымыз Ханчжоуда функционалдық және дене даярлығының әлсіз екенін көрсетті. Сондай-ақ спортшылар ішкі тәртіп ережесіне бағынған жоқ. Бұл жағдай жалпыкомандалық нәтижеге де кері әсерін тигізді".Ермек Маржықпаев 

Оның айтуынша, қазір басты мақсат – Париж олимпиадасының жолдамасын иелену.

"Қалған 8 айда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, алға қойған мақсатты орындау керек. Ал ұлттық құрама жаттықтырушылары өз міндеттерінен бөлек, спортшыларды Париждегі ойындарға физикалық және психологиялық тұрғыда жақсы дайындықпен апаруға тиіс".Ермек Маржықпаев 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: