Қазақстанда самбодан әлем чемпионаты өтеді

самбо, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 01:14 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық самбо федерациясының конгресінде Қазақстанның келесі әлем чемпионатын қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бұған дейін дүниежүзі додасын 2005 жылы қабылдап, бір алтын, үш күміс, сегіз қола жүлдеге ие болған, деп жазды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Ереванда өтіп жатқан биылғы әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті.

54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: