Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина триатлоннан Азия чемпионы атанды

триатлон, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2023 14:40 Сурет: UIPM
Сауд Арабиясының Эль-Хубар қаласында аяқталған триатлоннан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қос алтын медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Əйелдер арасында Екатерина Шабалина алдына жан салмай, мəреге бірінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші 1 сағат, 50 секунд. Одан кейінгі сатыға Қытай мен Гонконг спортшысы жайғасты.

Осыдан соң ерлер арасында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол жарыс жолын 55 минут, 32 секундта бағындырды. Күміс Гонконг, қола Жапония атлетінің еншісінде.

Тағы бір ұлттық құрама өкілі Дарын Қонысбаев 7, Мейірлан Ысқақов 11, Темірлан Теміров 15-сатыдан көрінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: