Қазақстанның жас теннисшілері халықаралық турнирлерде үздік атанды
Астанада өз мәресіне жеткен ITF Juniors j30 турнирінде Сати Әубәкірова жекелей сында чемпион атанды. Финалда жерлесіміз ресейлік Радмила Рахматулинаны 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Жұптық сында қос қазақстандық жұп олжаға өзара таласты: Сати Әубәкірова/Ариана Колбасинаны 1:6, 6:3, 10:5 есебімен Амира Қазтуған мен Яна Ким жеңіп кетті.
Қазақстандық Ерасыл Бақтияр шешуші ойында ресейлік Дмитрий Титовтан 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп, финалист атанды. Жұптық сында финалда өнер көрсеткен Ерасыл Бақтияр/Демид Горбачев жұбы 6:3, 6:4 есебімен ресейліктер - Алан Аюханов/Артем Семеновты жеңіп кетті.
Дубайда ITF Juniors j60 турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық Жакас Козбак жұптық сында финалист атанды. Өзбек теннисшісі Бобур Мадаминовпен бірге ол Александр Даскович(Сербия)/Райан Кутарт (Үндістан) жұбынан ұтылды. Есеп: 4:6, 6:3, 10:12.
Сурет: ktf.kz
Сонымен қатар, Катарда ATF – Qatar Asian Junior 14&U сериялы турнирі өтті. Жекелей сында финалда Екібастұз қаласы теннис мектебінің түлегі Гүлден Азаматқызы Дания Хазлиді (Малайзия) жеңді – 7:5, 7:6. Жұптық сында Гүлден Сұлтан Ержановамен тізе қоса отырып, Медина Өтепберген/Виолетта Волкова жұбына қарсы ойын өрнегін орындады. Өкінішке қарай, 3:6, 4:6 есебімен жерлестерімізде бұл кездесуде ұтылды.