Би спортында Қазақстан жұбы әлем чемпионы атанды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Астанада өтіп жатқан 10 түрлі биден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын Нейдас Ленкитис пен Тамара Беленькая жұбы топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Күміс Адриа Эрнандес пен Эмилижа Улсинейт (Испания), ал қола медаль Владимир Чебану мен София Чьорескудің (Молдова) еншісінде.
Бұған дейін ел тарихында бірінші мәрте 2022 жылы Латвия мемлекетінде ұйымдастырылған әлем чемпионатында Максим Жиленков пен Арина Молочникова чемпион атанған.
Айта кетейік, биылғы додада 27 мемлекеттен 54 спортшы жиналды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript