Ақмолда Сайрамкез ауыр атлетикадан Гран-при турнирін төртінші орынмен аяқтады
Сурет: olympic.kz
Қатар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Гран-при турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жастар арасындағы әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез жарысты төртінші орынмен аяқтады.
67 келіге дейінгі салмақтағы алтын медальді Солтүстік Корея спортшысы иеленсе, күмісті Болгария, қоланы Түркіменстан атлеті еншіледі, деп жазды olympic.kz.
Қазақтандық зілтемірші барлық алты мүмкіндігін де сәтті орындады. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ақмолда 294 келіні бағындырған.
Турнирге Рио Олимпиадасының жүлдегері Денис Уланов та қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript