Елена Рыбакина жаңа маусымға дайындықты бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) 2024 жылғы маусымға дайындықты бастады. Ол Instagram-дағы парақшасында жаттығуынан видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елена Рыбакина жаңа теннис маусымын Брисбенде (Аустралия) WTA 500 – Brisbane International турнирінен бастайды. Жарыс 2023 жылғы 31 желтоқсан мен 2024 жылғы 7 қаңтар аралығында өтеді.
Елена Рыбакина 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында ойнады, сонымен қатар Индиан-Уэллс (АҚШ) және Римде (Италия) өткен WTA 1000 турнирлерінде жеңіске жетті.
Елена Рыбакина 2023 жылғы маусымды әлемдік рейтингіде 21-орынмен бастап, оны төртінші орынмен аяқтап отыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript