Айдос Сұлтанғали ұзақ үзілістен кейін халықаралық турнирде топ жарды
Сурет: olympic.kz
Қарағандыда грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир аяқталды. 55-рет өткізілген жарысқа еліміздің үздік балуандары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
55 келіде Ерсін Әбиір жеңіске жетті. Күміс медальді әлем біріншілігінің жүлдегері Хорлан Жақанша иеленді.
60 келі салмақта құрама үздігі Айдос Сұлтанғали топ жарды. Жарақатынан айыққан Айдостың бұл ұзақ үзілістен кейінгі жеңісі.
63 келіде Дастан Зарлыханов, 67 келіде Абылайхан Әмзеев, 72 келіде Мерей Мәулітханов, 77 келіде Ибрагим Магомадов жеңіске жетті.
82 келі салмақта Расул Жүніс, 87 келіде ресейлік Карим Мұстақимов, 97 келіде Ислам Умаев, 130 келіде қырғызстандық Роман Ким топ жарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript