Жаңалықтар тізбегі
0

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына бір ай қалды. Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы, Оңтүстік Корея, жолдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 18:07 Сурет: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
Келесі жылға жоспарланған ең басты бәсекелердің бірі – 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы, деп хабарлайды Zakon.kz.

2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жасөспірімдердің дүбірлі додасына еліміздің спортшылары биыл төртінші мәрте қатыспақ, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайл параллель могул түрінен 30 жолдама бар.

Десе де, жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Өйткені жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: