"Отанды сүю иманнан". Чемпион Санжар Тәшкенбай әскер қатарына алынды

Санжар Тәшкенбай, әскер, Отан алдындағы борышын өтеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 21:54 Сурет: Instagram/tashkenbay_sanzhar
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштерінің қатарына алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп қыздың арманы, көп бозбаланың үлгі тұтары - Санжар Тәшкенбай өзінің Instagram-дағы парақшасында әскери киімде ант қабылдап жатқан сәтінің суретін жариялады.

"Отанды сүю иманнан" деп жазды ол сурет сипаттамасына.

Айта кетсек, 2023 жылы мамыр айында Ташкентте бокстан өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Сондай-ақ 20 жастағы отандасымыз Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының жеңімпазы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: