Гангвон-2024: қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге таласады

хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 17:40 Сурет: olympic.kz
Қазақстан хоккей командасы Гангвон-2024 жасөспірімдер олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің хоккейшілер финалға шығу үшін Латвиямен ойнады. Кездесу 19:5 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.

Осылайша, Қазақстан үшінші орын үшін матчқа қатысады. Қарсылас екінші жартылай финалда анықталады. Мұз айдынында Аустрия мен Дания кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (3х3) Оңтүстік Кореяның Гангвон қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: