Мария Дмитренко Әлем кубогында чемпион атанды
Сурет: olympic.kz
Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде "Трап" бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.
- Мария Дмитренко — 40 ұпай;
- Фатима Галвез — 39 ұпай;
- Алессандра Перилли — 32 ұпай.
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Мария Дмитренконың Әлем кубогындағы үздік нәтижелері:
- екі алтын (2023, 2024);
- екі күміс (2021, 2023);
- үш қола (2021, 2022).
Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript