Жібек Құламбаева Тайландтағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 18:06 Сурет: ktf.kz
Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші тайландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоудың меселін қайырды.

Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Екінші сет оңайлау болды – 6:2. Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: