Дмитрий Попко жұптық сында Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Дмитрий Попко, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 17:31 Сурет: ktf.kz
Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6.  Осылайша, Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: