Жаңалықтар тізбегі
0

Футболдан Қазақстан кубогының жаңа маусымы басталды

Футбол, Қазақстан кубогы, жаңа маусым , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 17:55 Сурет: Instagram/fctaraz.official
11 наурызда Шымкентте футболдан 2024 жылғы 11 наурызда Шымкентте футболдан 2024 жылғы Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінің ойындары басталды. Бұл кезеңде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы алты кіші топқа бөлініп, бір-бірімен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы алты топтың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, келесі раундқа жолдама алады.

Қазақстан кубогы - 2024 кестесі келесідей:

  • 11-19 наурыз - алдын ала кезеңнің бірінші раунды;
  • 21-23 наурыз - алдын-ала кезеңнің плей-офф кезеңі.

Аталған жарыстардың 1/8 финалына бастапқы кезеңнің тек үш жеңімпазы ғана шыға алады.


Алғашқы жарыс күні үш ойын өтті: "Оқжетпес" – АҚАЅ 1:1, "Ақжайық" – "Оңтүстік" 0:1, "Ертіс" – "Хан-Тәңірі" 1:0.


12 наурызда тағы екі кездесу болды: "Тараз" – "Екібастұз" 2:1, "Каспий" – "Жас Қыран" 1:3.

Алдағы күндері басқа кіші топтарда матчтар өтеді.


Қазақстан кубогының қазіргі жеңімпазы - қостанайлық "Тобыл" болып табылады, ол өткен жылы Шымкенттің "Ордабасы" командасын 1:0 есебімен жеңді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: