Нариман Құрбанов қандай жағдайда Олимпиадаға жолдама алады
Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким құрама спортшысы Нариман Құрбановтың Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін бағамдады, деп жазады Zakon.kz oympic.kz-ке сілтеме жасап.
Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша лицензиялық әлем кубогінің үш кезеңінен соң 66 ұпаймен екінші орында келеді. Ал Олимпиада жолдамасы төрт әлем кубогінің қорытындысы бойынша жалпы есепте алғашқы екі орынға ие болған спортшыларға беріледі.
"Нариман 66 ұпаймен екінші орында. Ал Әзербайжанда топ жарған тайпейлік Ли Чи Кай 38 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында иорданиялық Абу Ахмад иеленіп отыр. Енді бәрі Дохада өтетін соңғы әлем кубогінде шешіледі. Нариманға кем дегенде төртінші орын алу керек. Сонда тайпейлікпен ұпайы теңеседі. Ал жүлделі үш орынның біріне ие болса, сөзсіз Олимпиадаға барады. Сондықтан, Курбанов Катар астанасында барын салуы керек", - деді бас бапкер.
Айта кетейік, Дохадағы әлем кубогінің соңғы кезеңі 13-21 сәуір күндері өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript