"Мүмкіндік бар". Бас бапкер спорттық гимнастикадан Әлем кубогіне қатысатын құрамды атады
Сурет: olympic.kz
Қатар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің шешуші кезеңі өтеді. Аталған турнирден соң гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған гимнастар есімі белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Команданың бас бапкері Александр Кимнің пікірінше, әлем кубогінде Нариман Құрбановтың жолдама алатын мүмкіндігі мол.
"Құрбановқа жүлделі орынға ілігу керек. Сол кезде жолдама мәселесі шешіледі. Негізінде, қазір оның басты қарсыласы - Қытайлық Тайпей өкілі Ли Чин Кай. Ол әлем кубогінің алғашқы екі кезеңінде финалға шыға алмады. Десе де, өте мықты гимнаст саналады. Францияның Лион қаласында жаттығып жүр. Біз тап сол Бакудегі турнир алдында іштей секем алып, осы бір тайпейлік спортшы топ жарып кетпесе екен деп тіледік. Ойлағанымыздай болды. Нариман сол жарыста сырқаттанып қалды да, бағдарламаны өзі ойлағандай орындай алмады. Бірақ үміт үзбейміз. Катарда бәрі шешіледі", - дейді Ким.
Қатарда сынға түсетін Қазақстан құрамасы:
- Милад Карими;
- Нариман Курбанов;
- Дмитрий Патанин;
- Диас Тойшыбек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript