Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы 11 лицензия алды

Паралимпиада - 2024: Қазақстан құрамасы 11 лицензия алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 16:45 Сурет: Instagram/kazparalympics
2024 жылғы 28 тамызы мен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) XVII паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта қазақстандық паралимпиадашылардың активінде 11 лицензия бар,-деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция астанасындағы жарыстар спорттың 23 түрінен өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 9 спорт түрінен өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Атап айтсақ:

  1. пара жеңіл атлетика,
  2. пара пауэрлифтинг,
  3. пара тэквондо,
  4. пара үстел теннисі,
  5. пара жүзу,
  6. парадзюдо,
  7. параканоэ,
  8. пара волейбол
  9. пара оқ ату.

Сурет: Instagram/kazparalympics

1 сәуірде паралимпиадалық спортшыларымыз ұлттық құраманың қоржынына 11 лицензия алып келді. Олардың қатарында:

  • ерлер арасында пара волейболдан бір лицензия;
  • бір жеңіл атлетика лицензиясы;
  • үш жүзу лицензиясы;
  • 200 метрлік kl-200 бойынша бір каноэ лицензиясы;
  • бір пауэрлифтинг лицензиясы;
  • үш пара таэквондо;
  • бір пара оқ ату

Сурет: Instagram/kazparalympics

Бірақ бұл Қазақстан паралимпиадалық құрамасының соңғы тізімі емес. Париж жарыстары басталғанға дейін тағы 23 спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр, онда 2024 жылғы паралимпиада ойындарына лицензиялар ойнатылады.

Еске салайық, өткен Токио-2020 паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшымен бес медаль жеңіп алған. Бір "алтын", үш " күміс" және бір "қола". Бұл марапаттар саны бізге жалпы командалық ойыннан 48-ші орынға ие болуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Париждегі жазғы ойындарға бару үшін біздің негізгі құраманың активінде 31 лицензиясы бар. Соңғы жетістіктеріне қазақстандық семсерлесушілер Тбилисиде (Грузия) өткен Әлем Кубогы кезеңінде қол жеткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: