Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР құрамасының Париж олимпидасына арналған киімнің дизайны комиссияға ұнамай қалды

ҚР құрамасының  Париж олимпидасына  арналған киімнің дизайны комиссияға ұнамай қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 09:42 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті баспасөз қызметі
Париждегі жазғы олимпиадаға арналған ұлттық құраманың киім формасы мен қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, осыған дейінгі ақпан айында басталған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына байланысты Комиссия 1-ші конкурсты өтпеді деп шешім шығарған.

"Киімдер ту ұстаушылар, салтанатты рәсім мен жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді."ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті баспасөз қызметі

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады.

Конкурс кезеңдері:

  • I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 10 сәуір 20:00-ден 15 сәуір сағат 18:30 дейін).
  • ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 16-17 сәуір аралығы).

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров жауапты.

Бұған дейін, жазғы Олимпиада биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж ареналарында өтетіні хабарланған болатын.

Франциядағы жазғы Олимпиадаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады, онда спорттың 32 түрі бойынша 329 медаль жиынтығы ойналады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түріне қатысуды жоспарлап отыр. Әзірге Қазақстан спортшылары жазғы ойындарға 31 лицензия алғаны белгілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: