Ташкенттегі Азия чемпионаты: Эльжана Тәниева екі бағдарламадан соң көш бастап келеді

көркем гимнастика, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 20:15 Сурет: olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігінде Қазақстан намысын Эльжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы қорғап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Тәниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді. 

Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді. 

Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: