Үстел теннисінен Олимиадаға іріктеу: Қазақстан спортшыларының аралық нәтижесі қандай

үстел теннисі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2024 14:39 Сурет: olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан үстел теннисінен Орталық-Азия аймақтық іріктеу сынында қазақстандықтар жеті матч өткізді, деп жазады Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде Кирилл Герасименко Түркменстан және Қырғызстан спортшыларын 4:0 есебімен жеңіп, топтан шықты. 

Анастасия Лаврова өзбекстандық Мархабо Магдиеваның 4:0 есебімен жеңіп, ирандық Неда Шахсавариге 1:4 есебімен жол берді. 

Сарвиноз Миркадирова ирандық спортшыны ұтқанымен,  Өзбекстан өкіліне 3:4 есебімен есе жіберді. 

Ал Алан Құрманғалиев болса, тәжірибелі ирандық Нима Аламианнан 3:4 есебімен ұтылды. 

Турнирде тек жеңімпаздар ғана Олимпиада жолдамасына иелік етеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: