Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды, ал Милад Карими күміс медаль жеңіп алды

Нариман Құрбанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2024 17:34 Сурет: olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Құрбанов чемпион атанды, деп жазады Zakon.kz.

Курбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. 

Күміс жүлдені өзбекстандық  Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі. 

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл Миладтың Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген  болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: