Дзюдодан ӘЧ-2024: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін таласатын болды

Әбиба Әбужақынова, дзюдо, ӘЧ-2024, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 16:51 Сурет: Оlympic.kz
Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қос отандық спортшы Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін бақ сынайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 60 келі салмақтағы ширек финалдық белдесуде Елдос Сметов ресейлік Аюб Блиевтен, ал қыздар арасында 48 келіде күрескен Әбиба Әбужақынова моңғолиялық қарсыласынан жеңілді.  

Сурет: Оlympic.kz

Осылайша Сметов турнирдің жұбаныш белдесуіне қатыспай, бірден қола медальға күресу мүмкіндігін алды. Себебі, оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы, франциялық  Ромен Валадье Пикар жарыстан шеттетілді. 

Қола медаль үшін өтетін кездесуде Әбиба түркиялық Тукче Бедермен белдесетін болады. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: