Жаңалықтар тізбегі
0

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:31 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты. 

100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді. 

100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды. 

+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін бір қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті. 

Қалған спортшыларымыз түгел жеңіліп қалды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: