Азамат Дәулетбеков Венгриядағы рейтингілік турнирдің қола медаліне таласады
Сурет: olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде Азамат Дәулетбеков қола медальға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
86 келіде сынға түсіп жатқан Дәулетбеков үш кездесудің екеуін жеңіспен аяқталды. Ол алдымен Сан-Марино, кейін Венгрия балуанын жеңген.
Алайда, жартылай финалда әлемнің үздік балуаны, Олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы Хасан Язданиден (Иран) ұтылды.
Кіші финалда Дәулетбеков жапониялық Хаято Ишигуромен кездеседі.
Айта кетелік, бұған дейін Әлішер Ерғали аталған турнирде топ жарса, Юсуп Батырмұрзаев күміс, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript