Будапештегі жарыста Жәмила Бақбергенова алтын медаль еншіледі

Жәмила Бақбергенова, еркін күрес, Будапешт, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 09:22 Сурет: Instagram/zhamila.bakbergenova
8 маусымда Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Жәмила Бақбергенова алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингілік турнирде 72 келіде финалда сынға түскен Жәмила Бақбергенова жергілікті балуан (мажарстандық) Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. 

Осы салмақтағы 3-орын тағы бір отандасымызға бұйырды. Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцканы жеңіп, "қоладан" алқа тағынды.

Сондай-ақ 59 келі салмақта Диана Каюмова да қола медаль алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: