Милана Парфилова Ресейдегі халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Милана Парфилова, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2024 12:43 Сурет: olympic.kz
Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпины Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Милана таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. 

Одан бөлек, топтық жаттығудан Қазақстан командасы бес шығыршықпен жаттығуда турнирдің күміс медалін иеленді. Қазақстан командасы көпсайыста қолаға қол жеткізген болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: