Отандық спортшы дзюдодан Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды

Дзюдо, Қазақстан құрамасы, алтын медаль, Еуропа кубогі, Шерзод Давлатов , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 09:34 Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы
15 маусымда Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazakhstan Judo Federation мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыстың алғашқы күні бес кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті.

Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.

Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: