Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 21:40 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемдегі WTA 250 турнирінің ширек финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:7, 6:1 есебімен жеңді.

Путинцева 2 сағаттан аса уақытқа созылған матч кезінде бір эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді, сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді қазақстандық спортшы жартылай финалда италиялық теннисші Элизабетта Коччареттомен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: