Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола медаліне таласады
Сурет: olympic.kz
Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында саблямен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы турнир барысында Өзбекстан және Жапония құрамаларын жеңіп, жартылай финалға өтті. Финал жолдамасы үшін таласта біздің команда Иран құрамасымен кездесіп, жеңіліс тапты.
Қола медаль үшін қазақстандықтан Гонконг командасына қарсы шығады.
Аталған турнирде Қазақстан намысын Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы қорғап жатыр.
Айта кетейік, шпагадан жекелей сында Ерлік Сертай Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Бұл - оның ересектер арасында иеленген тұңғыш медалі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript