Уимблдон: Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасымен кездеседі

Уимблдон: Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасымен кездеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 17:06 Сурет: ktf.kz
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда "Үлкен дулыға" жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді.

Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3. 

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: